"Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025" Халықаралық бизнес-форумы
Жарияланды: Милана
Ташкент облысында Орталық Азияның 300-ден астам іскер топтарының өкілдерін біріктірген Great Silk Road Business Cooperation Forum – 2025 Халықаралық бизнес-форумы өтті. Форум өңірдің болашақ экономикалық өзара іс-қимылын талқылауға және елдердің арасындағы әріптестіктің жаңа нысандарын іздеуге арналған ауқымды алаңға айналды.
Іс-шараның басты идеясы - «Шекарасыз ынтымақтастық» және дәл осы рухта қатысушылар өндірістік кооперацияны нығайту, логистикалық маршруттарды дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және экспорттық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Іс-шара форматы компаниялар мен ұйымдарға тікелей келіссөздер жүргізуге, нақты бастамаларға көшуге және Форум жұмысы барысында келісімдер жасауға мүмкіндік берді.
Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Бас консулының шақыруымен ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ-ды директор Саягүл Қайыргелдина мен «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені» филиалының бас дәрігері Жанар Омарқұлова таныстырды. Форум барысында институт өкілдері бірқатар мазмұнды келіссөздер жүргізіп, өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын белгілеп, өңір елдерінің серіктестерімен кәсіби байланыстарын кеңейтті.
Сапардың шеңберінде институт делегациясы санаторийлік-курорттық саланы дамыту бойынша тәжірибе алмасу үшін Фанат, Севарсой, Орзумедикал, Чинобод санаторийлеріне таныстыру сапарларын жүзеге асырды. Бұл кәсіби байланыстарды нығайтуға және өңірлік деңгейде одан әрі өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Қар. 19, 2025, 12:43 Т.Қ.
