ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ делегациясы Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты
Жарияланды: Милана
27-29 қараша аралығында директор С. Қайыргелдинаның басшылығымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ делегациясы Ташкентте (Өзбекстан Республикасы) Өткен «Санаторийлік-курорттық емдеу мен медициналық туризмнің заманауи перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция Қазақстан, Швейцария, Италия, Венгрия, Түркия, Чехия, Польша, Израиль, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина және Тәжікстан сияқты 20-дан астам елдің өкілдерін жинап, Орталық Азиядағы санаторийлік-курорттық және оңалту медицинасын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Конференция қатысушыларына Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Худаяров, сондай-ақ еліміздің басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлері құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен серіктестікті кеңейтудегі маңызды қадам болып табылатын ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі де өтті.
«Орталық Азиядағы оңалту және санаторийлік-курорттық медицина» панельдік сессиясы шеңберінде «Қазақстан халқының денсаулығын сақтау жүйесіндегі санаторийлік-курорттық мекемелердің рөлі» тақырыбында Маркетинг және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы М.Ж. Есілбаев баяндама жасады.
Сонымен қатар, делегация «Севарса» және «Окташ» санаторийлерінің жұмысымен танысты, бұл курорттық және оңалту емі саласында практикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және Қазақстанда медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін үздік әлемдік практикаларды енгізе отырып, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту саласындағы жетекші ұйымдармен әріптестік байланыстарды нығайтуды жалғастыруда.












Жел. 3, 2025, 10:45 Т.Ж.
