Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында азаматтарды медициналық қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда
Жарияланды: Dana
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында азаматтарды медициналық қызметтерге қолжетімділікпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.
Ұсынылған деректерге сәйкес, ел халқының саны 20,4 млн адамды құрайды.
Олардың 16,8 млн-ы (82,3%) медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған.
Ал 3,6 млн адам әлі де сақтандырылмаған — олардың басым бөлігі жарнаны өз бетінше төлеуге қабілетті жандар, сондай-ақ уақытша жұмыссыз азаматтар.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың жекелеген санаттары үшін МӘМС жарналарын цифрлық отбасы картасы негізінде жергілікті атқарушы органдар төлейтін болады. Бұл шара халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейтіп, әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.
МӘМС аясында медициналық қызметтер алу үшін тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға тіркелу және өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді уақытылы тексеріп отыру маңызды.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ
Баспасөз қызметі
🌐 www.burabay-mzrk.kz
📧 press.niikurortology@gmail.com


Жел. 9, 2025, 11:20 Т.Ж.
