"Төлеген" шипажайы "Адал Азамат-2025" құрметті наградасына ие болды

Жарияланды: Милана

Астанада еліміздегі ең беделді ұлттық марапаттардың бірі – «Адал Азамат – 2025» иегерлері жарияланды. Бұл атақ қоғам мен елдің дамуына айқын үлес қосып, жоғары жауапкершілік стандарттарын және толық ашықтықты көрсеткен бизнес өкілдеріне табысталады.

«Туризм және спорт» номинациясында жеңімпаз болып «Төлеген» санаторийі атанды. Бұл кәсіпорын бүгінде Қазақстандағы санаторий-курорт саласының жаңа сапа деңгейін қалыптастырып келеді. Марапат санаторий директоры Бақытжан Төлегеновке табысталды.

ҚР ДСМ «Курортология және медициналық реабилитация ғылыми-зерттеу институты» директоры Саягүл Қайыргелдина бұл жеңістің бір ғана санаторий үшін емес, тұтас саланың маңызды оқиғасы екенін атап өтті:

«Бұл нәтиже — саламыздың ұлттық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсететін маңызды белгі. Бұл жай ғана жеңіс емес — біздің даму жолымыздың мойындалуы», — деді ол.

Бақытжан Төлегенов институт ұжымымен кездесу барысында бұл жетістік бірлескен еңбектің нәтижесі екенін атап өтті:

«Бұл марапаттың бір бөлігі институттың әрбір қызметкеріне тиесілі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, ғылыми зерттеулеріңіз, әдістемелеріңіз бен көзқарастарыңыз — саланың дамуына негіз болған іргетас. Біз бұл жеңіске бірге жеттік», — деді ол.

Байқаудың жоғары деңгейін оның іріктеу үдерісі де дәлелдейді: көпсатылы сараптама, қатаң критерийлер, ашық процедуралар және «Атамекен» ҰКП-ның тікелей қатысуымен жүргізілетін выездная бағалау. Осындай тәсіл марапаттың салмағын арттырып, оның нағыз лайық иелеріне берілетінін көрсетеді.

«Төлеген» санаторийінің жеңісі еліміздің санаторий-курорт саласы үшін алға жасалған үлкен қадам болды. Бұл қазақстандық сауықтыру мекемелерінің халықаралық сапа стандарттарына сай қызмет көрсетіп, инновация енгізуге және сауықтыру туризмінің жаңа мәдениетін қалыптастыруға қабілетті екенін дәлелдеп отыр.

Жел. 10, 2025, 10:37 Т.Ж.