Дінмұхамед Көбетаев: «Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қамқорлық пен денсаулық ахуалы қалыптасқан»

Жарияланды: Марлан

«Шынайы сұхбат» кезекті айдарында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ сауықтыру емін алып жатқан алматылық Дінмұхамед Көбетаевпен танысамыз.

Дінмұхамед институтта алған әсерімен бөлісіп, жергілікті климаттың денсаулыққа тигізетін оң әсерін, тату және ұйымшыл ұжымды, сондай-ақ институттағы әртүрлі қызықты мәдени бағдарламаларды атап өтті.

«Көптеген іс-шаралар - спорттық, рухани, тақырыптық кештер өткізілуде. Жақында Наталья Мироновна салауатты өмір салтына арналған шара өткізді, бұл маған қатты ұнады», - дейді ол.

Дінмұхамед институт басшылығына, қызмет көрсету және медицина қызметкерлеріне олардың кәсіби біліктілігін, емделушілерге сезімтал көзқарасын және өз міндеттерін адал атқарғанын атап өтіп, рахмет айтты.

Сұхбат соңында Дінмұхамед курортология ҒЗИ басшылығы мен қызметкерлеріне қамқорлық пен денсаулық атмосферасын құрғаны үшін, сондай-ақ халықтың денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Мамыр 30, 2024, 1:06 Т.Ж.