Қолөнерлер орталығын Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институтының базасында ашу жоспарлануда

Жарияланды: Марлан

Демалушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру шаралары аясында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қолөнер жәрмеңкелері өткізіліп отырылады.

2024 жылдың 31 мамырында №1 Оңалту бөлімінің аумағында қолөнер шеберлерінің кезекті іс-шарасы өтті.

Жәрмеңкеге келушілер жергілікті қолөнершілердің бұйымдарын сатып алып, дарынды қолөнершілермен танысып, шығармашылық бағдарламаларға қатысып, фольклорлық ұжымдардың қойылымдарын тамашалап, іс-шараны ұйымдастырушылардың тәтті тағамдарынан дәм татты.

Қолөнер жәрмеңкесі демалу және сауда жасау үшін тамаша мүмкіндік болды, сонымен қатар Қазақстанның халық қолөнерін сақтауға және дамытуға өз үлесін тигізді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын сақтаудағы негізгі миссиясымен қоса бос уақытты ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау сияқты өмірдің басқа да маңызды салаларын дамытуға белсенді түрде ықпал етуде.

Осындай қолөнер жәрмеңкесі сияқты іс-шаралар қазақ халқының бай дәстүрін сақтауға, сондай-ақ облыс тұрғындарын біріктіруге септігін тигізеді.

Соның аясында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ аумағында Ақмола облысы Бурабай ауданының Қолөнершілер орталығын ашу жоспарлануда.

Жаңа қолөнер орталығы осы игі дәстүрдің жалғасы болмақ. Мұнда көрмелер, шеберлік сабақтары, жәрмеңкелер және халық шығармашылығын насихаттауға бағытталған басқа да шаралар өтеді.

Облыстың барлық шеберлері мен қолөнершілерін ынтымақтастыққа шақырамыз.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Қолөнер орталығы – қолдан жасалған жауһарлар жасалатын, қазақ халқының салт-дәстүрі сақталған мекен!

Мамыр 31, 2024, 8:54 Т.Қ.