«Санаторлық-курорттық емдеу» Х Халықаралық конгресінде Ресейдің Ұлттық медициналық зерттеу орталығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Жарияланды: Марлан
30 мамырда Мәскеуде «Санаторлық-курорттық емдеу» X халықаралық конгресі өтті, онда әртүрлі елдердің жетекші салалық сарапшылары денсаулық сақтаудың осы маңызды саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Конгресс жұмысына ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина бастаған Қазақстан делегациясы қатысып, ол халықаралық секциясының модераторы болды.
Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Бақыт Амрина спорттық медицина бойынша секцияларға қатысып, стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Дамир Абдрахманов халықаралық ұйымдармен әріптестік байланыстарды белсенді түрде кеңейтіп, ынтымақтастықтың жаңа форматымен ой бөлісті.
Конгресс жұмысы санаторлы-курорттық емдеудің қазіргі жай-күйіне, өзекті мәселелеріне және даму перспективаларына арналды. Шарада шипажай саласының соңғы жетістіктері таныстырылды.
Конгресс аясында санаторлы-курорттық саланың жетістіктері, медициналық жабдықтар мен медициналық бұйымдардың экспозициясы бар көрме де ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Конгресс қонақтары санаторлы-курорттық ұйымдарды басқару, маркетинг, санаториялық-курорттық емделуден өтіп жатқан науқастарды тамақтандыру бойынша тақырыптық шеберлік сабақтарына қатыса алды.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры Саягүл Қайыргелдина «Қазақстанның шипажайлары – ұлт денсаулығының негізі және мемлекеттің экономикалық құрамдас бөлігі» тақырыбында баяндама жасап, отандық тәжірбиемен бөлісті.
Сонымен қатар, «Санаторлық-курорттық емдеу» X халықаралық конгресі аясында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мен РФ ДСМ Ұлттық медициналық оңалту және курортология зерттеу орталығы арасында салтанатты түрде өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойлды.
Ынтымақтастық ғылыми және экперттік бірлескен іс-шараларды, медициналық көмекті ұйымдастырудағы теориялық және практикалық дағдыларды бірлесіп дамытуды, оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, медициналық оңалту және санаторлы-курорттық емдеу саласындағы медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ аурудың алдын алуды, салауатты өмір салтын насихаттаудағы өзара іс-шараларды қамтиды.
«Санаторлық-курорттық емдеу» Х халықаралық конгресі Қазақстан мен Ресей арасындағы денсаулықты жақсарту саласындағы тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды. Қол қойылған келісім екі ел халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.



Маусым 1, 2024, 4:55 Т.Қ.