Халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз

Жарияланды: Марлан

Құрметті отандастар!

Халқымыздың бірлігі мен тәуелсіздігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз.

Мемлекеттік Ту мен Елтаңба жай ғана рәміздер емес, ол біздің бай тарихымызды, мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді танытатын нышандар. Олар ұлттық болмысымыздың көрінісі және барша қазақстандықтар үшін шабыт көзі болып табылады.

Біз өз ерлігімен және жанқиярлығымен халқымыздың азаттығы мен тәуелсіздігін жеңіп алған ата-бабаларымыздың рухына құрметпен қараймыз және бүгінгі таңда Отанымыздың игілігі үшін аянбай еңбек етіп, оның әлемдік аренадағы беделін нығайтып жатқан әрбір адамға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Мемлекеттік рәміздер күні – Қазақстанның болашағы үшін ортақ жауапкершілігімізді еске салатын мереке. Әрқашан шаңырағымызда бірлік, татулық, келісім болсын!

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ

Маусым 4, 2024, 1:46 Т.Қ.