Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді
Жарияланды: Марлан
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шаралар өткізілді.
Институттың акт залында мәдени-демалыс бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Қонақтарға институт директоры Саягүл Қайыргелдина құттықтау сөз сөйледі. Ол мемлекеттік рәміздер еліміздің тарихы мен құндылықтарын көрсететін маңызды байлық екенін атап өтті. Директор демалушыларға институтқа сенім артқандары үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық пен тамаша демалыс тіледі.
Балалар бөлімінде оқу бөлімінің тәрбиешілері жас емделушілердің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің нышаны» атты флешмоб өткізді. Балалар Қазақстанға арнап ән айтып, би билеп, өлеңдер айтты.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.


Маусым 6, 2024, 10:01 Т.Қ.