КУРОРТОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҒЗИ «ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАЙДАРЛЫ ЖАЗ!» БАЛАЛАР АУЫСЫМЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды: Марлан

2024 жылдың 6 маусымында ҚР ДСМ курортолггия және медициналық оңалту ҒЗИ «Қош келдің, жайдарлы жаз!» балалар ауысымының ресми ашулуы өтті.

Ауысым институттың балалар денсаулығы мен әлеуметтік бейімделуіне арналған кешенді бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.

Іс-шара мекеменің Оқу-тәрбие бөлімі басшылығының құттықтау сөзімен, сәттілік және тез сауығып кету тілегімен басталды.

Одан әрі қонақтарға институт ұжымы мен ауысымға қатысушылардың өздері дайындаған концерттік нөмірлері ұсынылды.

Жалынды билер, әндер мен көңілді сайыстар ешкімді бей-жай қалдырған жоқ.

Қойылымдарға құлшыныспен атсалысқан ұстаздар мен тәрбиешілер жас емделушілердің көзінен қуаныш пен бақыт ұшқындарын жақты.

Бұл ауысым әрбір бала үшін ұмытылмас оқиға болады, өйткені ол оларға денсаулықты ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар жаңа танысуларды, жарқын әсерлер мен бүкіл жаз мезгіліне жағымды эмоция береді.

ҚР ДСМ курортолггия және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

Маусым 7, 2024, 3:08 Т.Ж.