Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Бурабай ауданының мәдениет бөлімінің өкілдерімен кездесу өтті
Жарияланды: Марлан
2024 жылдың 11 маусымында ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ "Бурабай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшылығымен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушылар мекемелердегі ақпараттық материалдарды рәсімдеудің Бірыңғай әдістемелік стандарттарына, өңірдегі тілдерді одан әрі дамыту тәсілдеріне қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Қазақ тілін білу қазақ қоғамының бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды факторы екені айтылды. Осыған орай Бурабай өңірінің тұрғындары арасында қазақ тілін кеңінен насихаттауға бағытталған шараларды жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыс туралы келісімге қол жеткізілді.
Тараптар бірлескен күш-жігер өңірдің мәдени және тілдік бірегейлігін нығайтуға, оның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.
Бұл қадам Қазақстандағы мемлекеттік тілді қолдау мен дамытудың, сондай-ақ мәдениетаралық байланысты нығайту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

Маусым 11, 2024, 11:25 Т.Қ.