Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ қызметкерлері арасында жүгіруден турнир өтті

Жарияланды: Марлан

Бүгін, 2024 жылдың 19 маусымында ҚР ДСМ курортология және медциналық оңалту ҒЗИ қызметкерлер арасында ұзақ және қысқа қашықтыққа жүгіруден турнир өткізілді.

Спорттық шараға институттың дәрігерлері, медбикелері және басқа да қызметкерлері қатысты. Жарыс толқу мен ұжымдық рух жағдайында өтті.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды сарапшы - дәрігер Эльмира Ерменбаева, екінші орынды медбике Светлана Ташмағамбетова, үшінші орынды шаруашылық бикесі Анна Цыганкова иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Жүгіру турнирі институттың бүкіл ұжымы үшін нағыз спорт және денсаулық мерекесіне айналды.Бұл қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды біріктіріп, ұжым бірлігінің нығайуына өз ықпалын тигізді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ мұндай спорттық шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұратынын айта кеткен жөн.

Институт басшылығы қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, спортпен шұғылдануға жағдай жасауға үлкен көңіл бөлуде.

Маусым 19, 2024, 5:51 Т.Қ.