«Демалушы пікірі» айдары аясында институтымызға алғаш рет келген келесі кейіпкеріміз – Қонаев қаласынан Зәбира Абраимованы назарларынызға ұсынамыз
Жарияланды: Марлан
Забира медициналық қызметкерлердің жоғары кәсібилігі мен сезімталдығын атап өтіп, өзінің әсерімен бөлісуде. Ол емделу барысында өзіне көрсетілген қамқорлық пен ілтипатты ризашылықпен еске алады.
Институтты қоршаған таза ауа мен көркем табиғат Зәбираға ерекше әсер қалдырды. Жоғары деңгейдегі медициналық қызметпен қосарласа бұл біздің кейіпкеріміздің толық қанды демалуына өзінің оң әсерін тигізді.
Енді ол бұл жерді тек денсаулығын жақсартып қана қоймай, жақсы демалғысы келетіндерге қуана ұсынады.
«Енді мен осы тамаша жерге жиі келетін боламын!» — деп жоспарларымен бөліседі.
Зәбира Абраимованың пікірі ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ тек емдейтін орын ғана емес, сонымен қатар әрбір адам денсаулық, сұлулық пен жан тыныштығын таба алатын жайлы оазис екенін тағы бір дәлелдейді.
Бейне материалға сілтемелер:
https://www.instagram.com/p/C8rTJyQxzEX/
https://www.facebook.com/100088575155651/videos/1428775211109161/

Маусым 26, 2024, 5:10 Т.Қ.