8 қыркүйек - Халықаралық реабилитолог күні

Жарияланды: Марлан

Дүниежүзілік физиотерапевтер конфедерациясының (WCPT) бастамасымен 1996 жылдан бастап 8 қыркүйек Дүниежүзілік физиотерапевт күні ретінде атап өтіледі.

Реабилитол – бұл науқасты тәуелсіз белсенді өмірге қайтаратын, мүгедектіктің алдын алатын мамандар. Науқасты емдеу және қалпына келтіру тактикасын көбінесе реабилитологтың жетекшілігімен көп салалы дәрігерлер тобы анықтайды, ол сауығу мүмкіндігін анықтайды, тағайындаулар жасайды және оның денсаулығын біртіндеп жақсартуға әкеледі.Бұл процесс терең кәсібилікті, жеке көзқарасты және елеулі күш-жігерді қажет етеді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ «Бурабай» ЕСК филиалының медицина қызметкерлері әрбір науқасқа жеке көзқарас, алуан түрлі процедуралар жасап және мұқият таңдалған тамақтануды қамтамасыз ету арқылы бұл миссияны күн сайын сәтті орындап келеді. Институттың негізгі мақсаты – денсаулықты қалпына келтіру, адамдарға өмірлік қуат пен өзіне деген сенімділікті қайтару.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ғылыми қызметпен айналысады, минералды сулар мен емдік балшық сияқты табиғи факторларды зерттейді, медициналық оңалту және курорттық емдеу саласына заманауи технологияларды енгізеді. Институт жұмысының маңызды бөлігі ғылыми-әдістемелік материалдарды дайындау, диагностикалау және емдеу стандарттарын әзірлеу, сондай-ақ оңалту бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

Өткен жылы институтқа 7343 науқас қабылданып, оңалтудан өткен адам саны жоспарланған 6660 адамнан асып түсті.Бұл оңалту қызметіне, әсіресе бронх-өкпе ауруларын емдеуге деген сұраныстың жоғары екенін тағы бір рет көрсетеді.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ Халықаралық реабилитолог күнімен құттықтайды!

Сіздердің өз еңбегінізге деген адалдығыңызға, кәсібилігіңізге және еңбекқорлығыңызға рахмет. Жұмсаған күш-жігеріңіз әрқашан науқастардың әл-ауқатына әкелсін. Осы игі кәсіпте сәттілік пен өркендеу тілейміз!

Қыр. 8, 2024, 2:16 Т.Қ.