ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ барлық мамандарды Дүниежүзілік физиотерапия күнімен құттықтайды!

Жарияланды: Марлан

Физиотерапия – жылу, суық, электр тогы, магнит өрісі, ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер, сондай-ақ емдік балшық, массаж және гирудотерапия сияқты табиғи физикалық факторларды қолдануға негізделген бірегей емдеу әдісі.

Медицинаның бұл саласы науқастардың денсаулығын қалпына келтіруге және белсенді өмірге оралуына көмектесетін денсаулық сақтау жүйесінде негізгі рөл атқарады. Физиотерапевтер науқастарды толық қалпына келтіру жолында, күн сайын олардың өмір сапасын жақсартуға баға жетпес үлес қосады.

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ барлық мамандарға еңбектері мен адалдықтары үшін шынайы алғысын білдіреді. Сіздерге жаңа кәсіби жетістіктер, зор денсаулық және өркендеу тілейміз!

Қыр. 8, 2024, 5:06 Т.Қ.