Сауықтырудың құрамдас бөлігі ретінде қоршаған ортаны сақтау
Жарияланды: Марлан
Абаттандыру айлығы аясында «Бурабай» емдеу-сауықтыру кешенінде ауқымды сенбілік өтті.Филиал қызметкерлері аумақты тазалауға, әкімшілік ғимараттардың қасбеттерін сырлауға және саябақ аумағын абаттандыруға белсене қатысты.
Филиал қызметінде қоршаған ортаға қамқорлық жасау бір реттік шара емес, ұжымның тұрақты жұмысы екенін атап өткен жөн.Апта сайын «Таза бейсенбі» акциясы өтеді, оның барысында қызметкерлер қоқыс жинайды, ағаш отырғызады және аумақты тазартады.Сонымен қатар, институт филиалы «Таза Қазақстан» және т.с. сияқты республикалық экологиялық бастамаларды белсенді түрде қолдайды.
Қоршаған ортаны қорғау іс-шаралары сонымен қатар институттың адам ресурстарын дамыту, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға және нығайтуға көмектесу жөніндегі стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға ықпал етеді.
«Бурабай» емдеу-сауықтыру орталығының қызметкерлері күн сайын науқастардың денсаулығына қамқорлық жасап қана қоймай, өңірдің қайталанбас табиғатын сақтауға зор үлес қосуда. Олар қоқыстарды шығарып, аумақты көріктендіру арқылы адам денсаулығы мен қоршаған ортаның жай-күйінің ажырамас байланысын көрсетеді, адамдардың демалуына және қалпына келуіне қолайлы жағдай жасайды. Өйткені, Отанға деген сүйіспеншілік табиғатты аялаудан басталады.
ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халық денсаулығын сақтаудағы өз ісін жалғастыруда.

















Қаз. 5, 2024, 10:01 Т.Қ.